Грант конкурсына 100 мыңға жуық өтініш келіп түсті

0
104

Грант конкурсына өтініштер қабылдау барлық өңір талапкерлері үшін 24 шілдеге дейін жалғасады.


Грант конкурсына 100 мыңға жуық өтініш келіп түсті

ERNUR.KZ. 20 шілдеге дейін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 100 мыңға жуық өтініш келіп түсті, деп жазады inbusiness.kz.

Талапкерлердің басым бөлігі құжаттарын үш республикалық маңызы бар қаланың жоғары оқу орындарына тапсырып жатыр: Алматы (38 мың), Астана (20 мың) және Шымкент (6 мың).

Талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыттар қатарында "Педагогикалық ғылымдар" (25 мың), "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" (16 мың) және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" (13 мың) қалып отыр.

Білім беру бағдарламаларының тобына келетін болсақ, ең көп өтініш "Ақпараттық технологиялар" - 11 мың. Ары қарай "Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау" - 5 мың өтініш келіп түскен. Үшінші орында "Шет тілі мұғалімдерін даярлау", оны 4 мың талапкер таңдаған.

Талапкерлердің назарына, грант конкурсына өтініштер қабылдау барлық өңір талапкерлері үшін 24 шілдеге дейін жалғасатындығын хабарлаймыз.

Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейді. Құжаттарды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.