​ІІМ: Бангкоктан жеткізілген 11 кг гашиш майы тәркіленді

0
59

Бангкок - Алматы рейсімен келген 20 жастағы шетел азаматы ұсталды.


​ІІМ: Бангкоктан жеткізілген 11 кг гашиш майы тәркіленді

Фото: Polisia,kz

ERNUR.KZ. Арнайы тексеру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстанның оңтүстік астанасындағы халықаралық әуежайда есірткі контрабандасының жолын кесті, деп жазады inform.kz.

- Бангкок - Алматы рейсімен келген 20 жастағы шетел азаматы ұсталды. Жеке тексеру кезінде одан жалпы салмағы шамамен 11 килограмм болатын гашиш майы салынған 12 пластикалық ыдыс тәркіленді. Жыл басынан елімізде есірткі контрабандасының 57 дерегі анықталып, жолы кесілді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 286-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі трафигі арналарының жолын кесу, трансұлттық қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қою және мемлекеттік шекараны қорғау бойынша жұмыстар жалғасатын болады, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Сондай-ақ хабарламада Ішкі істер министрлігінің «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында еліміздің транзиттік-логистикалық әлеуетін трансұлттық қылмыстық топтардың есірткі трафигі үшін пайдалануына жол бермеу бағытында жұмыстарды жүргізіп жатқаны айтылған.