ІІМ мектепке кіргізуге тыйым салынған заттар тізімін жасады

0
579

Бұйрық Әділет министрлігінде тіркелген. Осы айда ол заңды күшіне енеді.


ІІМ мектепке кіргізуге тыйым салынған заттар тізімін жасады

фото: тengrinews.kz.

ERNUR.KZ. ІІМ Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарына кіргізуге тыйым салынған заттар тізімін жасады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Жыл басында министрлік Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарына кіргізуге тыйым салынған заттар тізімін әзірледі. Бұйрық Әділет министрлігінде тіркелген. Осы айда ол заңды күшіне енеді. Тыйым салынған заттар қатарына қару, пышақ, кастет және соған ұқсас заттар кіреді. Сондай-ақ, жарылғыш құрылғылар (ұқсас заттар), пиротехника құралдары мен газ баллондарына тыйым салынған", - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев брифингте.

Баймұқашев Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары үшін 2019 жылы бейнебақылау жүйелеріне қойылатын талап бекітілгенін айтты.

Оларды орнату орындары, деректерді сақтау мерзімдері белгіленген. Оның айтуынша, әкімдік мектептер мен балабақшаларды осындай жүйелермен толық жабдықтау бойынша жұмыс жүргізді. Қазір бейнебақылау камералары санын арттыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Бұдан бөлек мектептерге бақылау-өткізу жүйесі енгізіледі. Оған турникеттер мен электрон рұқсат беру жүйелері кіреді. Мыңнан аса мектепте "дабыл түймелеріне" қосылған орталықтандырылған бақылау пульттері орнатылған. 333 мектеп турникетпен жабдықталған.