Инвестициялық өсу жағынан ТМД елдері түгел Қазақстанды басып озды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Дүние-жүзілік банк таратқан мәліметте хабарланды, деп жазады inbusiness.kz.
Олардың ақпаратына сүйенсек, биылғы жылы әлемдік экономика 5,6 пайызға кеңейеді. Орталық Азия елдерінде, өсім жылына 3,7 пайызды құрамақ.
Ең үлкен инвестициялық өсім Өзбекстан мен Тәжікстан мемлекеттері үшін болжануда. Өз кезегінде, Қазақстанда, өсім 3,2 пайыз, Қырғызстанда - 3,8 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде.
Жалпы, халықаралық сарапшылары Орталық Азиядағы дағдарыстан кейін экономиканы қалпына келтіру - инвестицияларды тартуға тікелей байланысты дейді. 2020-шы жылдың қорытындысы бойынша, Орта Азия мемлекеттері-нің сырттан тартқан инвестиция көлемі 21 миллиард АҚШ долларын құраған.
Ал соңғы жылдары Өзбекстан жоғары нәтижеге қол жеткізіп келеді. Осыдан екі жыл бұрын да, бұл ел көшбасшы атанып, бір жылдың ішінде сыртқы инвестиция көлемін 2,3 есеге арттырды. Елдің экономистері инвесторларды – мұнай өндіру, қайта өңдеу және химия өнеркәсібі қызықтыратынын айтады.