"Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев оқиға жайлы пікір білдірді.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желі қолданушылары "Ақ жол" партиясының мас депутаты Қазыбек Иса түсірілген видеоны қызу талқылауда, деп жазады stan.kz.
Желіде таралған бейнежазбада депутат пен белгісіз әйелдің әңгімесі естіледі.
"Сіз депутатсыз ғой, мандаттығыңызды алдыңыз ба? Тойдан келе жатырсыз ба, ішімдік ішіп алыпсыз ғой" - дейді әйел.
"Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев оқиға жайлы пікір білдірді. Сөзінше, ол депутат Қазыбек Исамен бұл туралы сөйлесіпті.
"Бүгін таңертең әріптесіміз Қазыбек Иса жайлы кешегі видеоға байланысты фракция жиналысын өткіздік. Қазыбек өзінің сол сәттегі жағдайын соңғы күндері қатты шаршағандықтан, қан қысымының 200-ге дейін көтеріліп кеткендігімен, сондай-ақ омыртқа грыжасына жансыздандыратын дәрі қабылдауымен түсіндірді. Қажетті дәлел- медициналық құжаттарды көрсететінін айтты. Одан партиялық комиссияға түсінік жазуын талап еттім. Комиссия төрағасына (А.Линник) жағдайды мұқият зертеуді және одан өзіндік қорытынды жасауды тапсырдым", - деді Перуашев.