Ішкі істер министрі қаршадай қызды педофилден құтқарған жігіттерді марапаттады

0
1 144

Көмекке бірінші болып сауда орнының күзетшілер келген.


Ішкі істер министрі қаршадай қызды педофилден құтқарған жігіттерді марапаттады

ERNUR.KZ. Алматының ірі сауда орталықтарының бірінде сұмдық жағдай! Екі оқушы қыздың соңынан әжетханаға еріп кірген ер адам жасөспірімдерді зорламақшы болған. Құдай сақтап, азғынның арам ойы іске аспады. Қыздардың бірі қашып үлгеріп, айқайлап анасын көмекке шақырған. Белгілі болғандай, бірінші сынып оқушыларын онда жетекшісі мен ата-аналары кино көруге алып барған екен, деп хабарлайды ktk.kz.

Жаға ұстатарлық жайт, міне, мына дәретхананың ішінде болған. Онда кинодан кейін еш алаңсыз кірген екі қыздың соңынан ер адам да ілесе кіреді. Арпалыста қыздардың бірі қашып үлгеріп, көмекке шақырған. Абырой болғанда, айқайға жетіп келген күзет дер кезінде есікті бұзып, 7 жастағы оқушыны педофилден құтқарып қалды.

"Қыз ішінен есікті құлыптамаған сәтті пайдаланып, ішке кіріп, оны зорламақшы болған. Қыз дауысын шығарып айқайлай бастады. Оны анасы естіп, дер кезінде көмекке шақырған. Көмекке бірінші болып сол сауда орнының күзетшілер келді," - дейді Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы Полиция департаменті ресми өкілі.

Ал қыздың анасы әжетхана сыртында тұрған. Сорақысы сол, азғынның әйелдер әжетханасына кіріп кеткенін жан баласы көрмеген. Әншейінде адам қарасы көп сауда ортылығында дәл сол мезетте ешкім дәретханада болмапты. Ал педофилдің құрбаны бола жаздаған бірінші сынып оқушыларын мұнда сынып жекешісі мен ата-аналары кино көруге алып келген екен. Қас пен көздің арасында болған сұмдық оқиғадан сауда орталығы қызметкерлерінің өздері шошып қалған.

"Кішкентай бүлдіршіндерді бақылаусыз жібермеу керек. Ол әрине әр ата-ананың міндеті ғой енді. Үлкен сауда ойын орталығына келгеннен кейін міндетті түрде балаларға қарау керек" - дейді Қуат Әкімбаев, сауда орталығы директорының орынбасары.

Осы оқиғадан соң сауда орталығында бірден күзет күшейтілді. Ал 7 жасар баланы зорламақ болған адам 32 жастағы ақтөбелік екен. Тура тоғыз жыл бұрын бір баланы зорлап, түрмеге жабылған. Бірақ, бостандыққа шыққан бойда ескі әдетіне қайта басқан. Қазір күдікті қамауда отыр. Оған қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал оқушыны құтқарып қалған Нұртілеу Еркебұлан мен Тұрсын Мұратәлі деген жігіттер. Ішкі істер министрі қызға дер кезінде көмекке келген осы күзетшілерді марапаттауды жөн көрген.