«Испанияда доп тебесіңдер»: Астанада футбол ойнайтын балалардан 24 млн жинап алған жігіт 3 жылға сотталды

0
117

​Баласын Испанияға аттандырмақ болған ата-ана ақшаны лезде жинап берген.


«Испанияда доп тебесіңдер»: Астанада футбол ойнайтын балалардан 24 млн жинап алған жігіт 3 жылға сотталды

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Астанада тоғыз ата-анадан 24 млн теңге жинап алып, оларды алдап кеткен жас жігіт 3,2 жылға сотталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Астана қаласының прокуратурасы бұл қылмыстың істің мән-жайы туралы ақпарат берген. Дереккөзге сүйенсек, жігіт бұл ақшаға Испанияға ұшып-бару, турнирге қатысу, қонақ үй, виза және тамақ кіреді деп алдаған.

Баласын Испаниядағы беделді турнирге жіберіп, доп тепкенін көргісі келген 9 ата-ана алаяққа 9 млн теңгесін жинап бере салған.

«Сот бұл алаяқты 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Ол шығынды толық өтеді», - деп хабарлайды прокуратура.

Осы ретте құзырлы орган қандай да бір ұйым немесе жаттықтырушы балаларды шетелдік жарысқа апарғысы келсе, оның қолында міндетті түрде келісімшарт, алдын ала шақыру, броньдауға қатысты құжаттары болуы керек дегенді ескертіп отыр.