Іздеуде жүрген қырғызстандық Алматыда тонаушы болған

0
987

Жедел тергеу жұмыстарының арқасында күдікті көп ұзамай ұсталды. Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Іздеуде жүрген қырғызстандық Алматыда тонаушы болған

ERNUR.KZ. Іздеуде жүрген Қырғызстан азаматы Алматыда пәтер тонаумен айналысқан. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Оңай олжаға үйреніп қалған адам Қырғызстандағы «кәсібін» Алматыда да жалғастырған. Ол күндіз дүкенші әйелді бақылап жүрген. Сатушының жалғыз қалғанын пайдаланған күдікті бірден әйелді буындырып, талдырып тастаған. Алайда кассада ақша болмаған, ұры әйелдің телефонын алып кеткен», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы Данияр Мендебаев.

Жедел тергеу жұмыстарының арқасында күдікті көп ұзамай ұсталды. Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дүкенші әйел есін жиды. Оның денсаулығына зақым келмеген.

«Күдіктінің бұған дейін де Медеу ауданында қылмыс жасағанын анықтадық. Бұл кісіні таныған, оның әрекетінен жапа шеккен адам болса, 254-46-12; 254-46-01 және 102 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз», - деді подполковник Мендебаев.