Қабанбай батыр атындағы кадет мектебінде болған жаппай төбелестің бейнежазбасы тарады

0
237

Кадет мектебінің қырықшақты оқушысы төбелесіп, үшеуі жарақат алған.


Қабанбай батыр атындағы кадет мектебінде болған жаппай төбелестің бейнежазбасы тарады

ERNUR.KZ. Павлодардағы кадет мектебінде болған жаппай төбелестің видеосы тарады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айта кетейік, мектептің қырықшақты оқушысы төбелескен. Дереккөзге сүйенсек, кадет мектебіндегі әртүрлі сыныптың ұлдары төбелескен. Үш бала ауруханаға түскені белгілі болып отыр.



Павлодар облысының полиция департаменті оқиға Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» мамандандырылған мектеп-лицей интернатында болғанын растады.

«Үш бала жарақат алған. Полиция оқиғаға қатысты «бұзақылық» бабы бойынша іс қозғаған», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.