​«Қайрат» — «Астана»: Алматыда стадион жанында көлік қозғалысы шектеледі

0
111

Алматының Орталық стадионында футболдан Қазақстан чемпионатының шешуші — 26-туры өтеді.


​«Қайрат» — «Астана»: Алматыда стадион жанында көлік қозғалысы шектеледі

Фото: ҰОК

ERNUR.KZ. Алматы қаласының полиция департаменті «Қайрат» пен «Астана» футбол матчының өтуіне байланысты 12:00–ден 18:00–ге дейін Сәтбаев көшесі бойымен — Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлады, деп жазады inform.kz.
— Азаматтарды қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, — деп хабарлады полициядан.
Еске салайық, бұған дейін «Астана» мен «Қайрат» соңғы турда чемпиондыққа таласатынын жазғанбыз.