Қайрат Нұртастың ұшақта жанжалдасып, ұрған досы 10 тәулікке қамауға алынды

0
420

Қаулы жарияланғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң Алматы әкімшілік құқық бұзушылық соты өтініш беруші – Асылбек Бекқайыровқа да жаза тағайындады.


Қайрат Нұртастың ұшақта жанжалдасып, ұрған досы 10 тәулікке қамауға алынды

ERNUR.KZ.Ұшақ бортында төбелескені үшін 15 тәулікке қамауға алынған Қайрат Нұртастың досы да жазаға тартылды. Ол бұл істе жәбірленуші тарап деп танылған болатын, деп жазады Stan.kz.


Алматы соты жәбірленуші Асылбек Бекқайыровты 10 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Қаулы жарияланғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң Алматы әкімшілік құқық бұзушылық соты өтініш беруші – Асылбек Бекқайыровқа да жаза тағайындады. Ол да Қайрат Нұртас сияқты, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған.

"Ұшақ бортындағы төбелес кезінде Бекқайыров балағат сөздер айтты. Ол өзінің іс-әрекетімен қоғамдық тәртіпті бұзды. Сот қаулысымен ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 10 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды",- делінген хабарламада.