Қайын апасын өлтірген келіншек екі баласы мен өзін өртеп жібермек болды

0
473

Әйел бөлмелерге бензин құйып, үйді өртеп жіберген.


Қайын апасын өлтірген келіншек екі баласы мен өзін өртеп жібермек болды

ERNUR.KZ. Алматы облысының тұрғыны өзінің қайын апасын өлтіріп, өзін және балаларын өртемек болған, деп жазады zakon.kz.

Қайғылы оқиға 6 шілдеде Қарғалы ауылында болды.

Кісі өлтірген соң әйел бөлмелерге бензин құйып, үйді өртеп жіберген.

Түнде оянған 27 жастағы көршісі жақын маңдағы үйдің өртеніп жатқанын көріп, көмекке жүгірген. Ер адам өрттен үш кішкентай бала мен әйелді құтқарды, деп хабарлады құзырлы органдағылар.

Жедел-тергеу тобы оқиға орнында зорлық-зомбылық белгілері бар 37 жастағы әйелдің мәйітін тапты.

Тәртіп сақшылары құтқарылған 29 жастағы кәмелетке толмаған балалардың анасын кісі өлтіріп, қасақана өрт қойды деп күдіктенді. Содан кейін ол қайын апасын өлтіргенін, содан соң балаларымен бірге өртеніп кеткісі келіп, от қойғанын мойындады. Күдіктінің іс-әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 3 бөлігі, 202 -баптың 2-тармағы бойынша талаптарға сай келеді. Сотқа дейінгі тергеу барысында ол қамауға алынды, деп толықтырды баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпараттар жария етуге жатпайды.