​Қайырымдылық қорлары БАҚ-та есеп жариялауға міндеттеледі

0
227

Бүгінде тиісті өзгерістерді әзірлеумен айналысатын жұмыс тобы құрылды.


​Қайырымдылық қорлары БАҚ-та есеп жариялауға міндеттеледі

Коллаж: DALL-E/pixabay

ERNUR.KZ. Қазақстанда қайырымдылық ұйымдарының қызметіне қойылатын талаптарды күшейту жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов мәлім етті, деп жазады inform.kz.

– Қайырымдылық туралы заңға бірнеше бағыт бойынша өзгерістер енгізіледі. Біріншіден, азаматтарды қайырымдылық көмек көрсетуге ынталандыру көзделіп отыр. Екінші мәселе, жариялылық пен есептілік қамтамасыз ету. Барлық қайырымдылық ұйымы есебін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға міндетті болады, - деді Қанат Ысқақов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде тиісті өзгерістерді әзірлеумен айналысатын жұмыс тобы құрылды.