«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті

0
374

Бостандыққа шыққан сотталғандарды қақпа алдынан ұзақ уақыт бойы бостандықта сағына күтіп жүрген әкесі мен бауырлары асыға қуана қарсы алды.


«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/10 мекемесінен сотталған А.Акимов және А.Рахметовтың жаза мерзімінің аяқталуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатуға дайындық кезеңінде бағдарламаға сәйкес психологиялық, медициналық, әлеуметтік-құқықтық көмек, еңбекке және тұрмыстық орналастыру, отбасымен оң байланыстарды нығайту мәселелерінде тәрбиелік іс-шаралар жүргізілді.
Сотталғандармен босатылатын күні де қолдау және консультациялық көмек көрсету шеңберінде, оны одан әрі әлеуметтік бейімдеу бағытын әзірлей отырып, мекемеге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы және де ОФ«Оңалту технологиялары мен тұжырымдамалыры» мен ОФ«Антарсе-А» ұйымдарына білікті мамандар шықыртылды.
Іс-шара кезінде: оңалтуға жәрдем көрсететін мемлекеттік мекемелердің байланыс деректерін, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелу, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау органдарында есепке қою және т.б. тәртібін қамтитын жадынама табыс етілді.
Бостандыққа шыққан сотталғандарды қақпа алдынан ұзақ уақыт бойы бостандықта сағына күтіп жүрген әкесі мен бауырлары асыға қуана қарсы алды.