Қалдық түрлері заң жүзінде бір жүйеге келтіріледі

0
92

Қалдықты басқарудың қолданыстағы нормалары бірнеше кодексте, заңдарда және заңға тәуелді актілерде көрсетілуі талаптардың сәйкес келмеуіне және функциялардың қайталануына әкелді.


Қалдық түрлері заң жүзінде бір жүйеге келтіріледі

ERNUR.KZ. Бұл қалдықтарды басқарудың бірыңғай тиімді жүйесін жасауға кедергі болуда. Мысалы, Жер қойнауы туралы Кодексте техногенді минералдар қалдық болып табылады, ал Экологиялық кодексте осы мәселе реттелмеген. Бұл жайлы ҚР ЭТРМ Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Руслан Тукенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Бірыңғай нормативтік-құқықтық құрылымды қалыптастыру мақсатында Тұжырымдамада қайшылықтар мен қайталауды болдырмайтын қалдық түрлері бойынша заңнаманы бір жүйеге келтіру, өкілеттік пен жауапкершілікті нақты бекіту, оның ішінде қалдық иелерінің жауапкершілігін күшейту көзделген. Өнеркәсіптік, коммуналдық, құрылыс, ауыл шаруашылығы және медициналық қалдықтарды басқару тәртібін жетілдіру көзделген. Бұл шаралар барлық қатысушы үшін талаптардың орындалуын жеңілдетеді және реттеуді ашық етеді», – деді спикер.

Түжырымдамадағы үшінші блок экономикалық ынталандырудың болмауы және қалдықты қайта өңдеу инфрақұрылымының қалыс қалуына арналған. Сектордың экономикалық тартымсыз болуының себептері: қатты тұрмыстық қалдық тарифтері нақты шығындарды жаппайды, кәсіпорындар үшін өндірістік қалдықты қайта өңдеуге қарағанда айыппұл төлеу арзан. Қалдықтардың түрі, көлемі және пайдалы фракциялары туралы нақты деректердің жоқтығы инвесторларды тартуды қиындатады, яғни жаңа өндіріс орындарын ашуды шектетеді.

Осы орайда Тұжырымдамада бірнеше негізгі шешім ұсынылған: тарифтерді әр 3 жыл сайын қайта есептеу және экономикалық негізделген модельге көшу; салықтық преференциялар мен субсидиялар қарастыру; өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері жүйесін жетілдіру.