Қамаудан қашып кеткен: Астанада полицейлер сотталушыны іздестіріп жатыр

0
688

Желіде Астанада сотталушының қашып кеткені туралы ақпарат тарап жатыр.


Қамаудан қашып кеткен: Астанада полицейлер сотталушыны іздестіріп жатыр

ERNUR.KZ. Астанада тұтқын қашып кетті. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Желіде Астанада сотталушының қашып кеткені туралы ақпарат тарап жатыр. Хабарламалардағы мәліметтер әртүрлі.

"Байқоңыр ауданындағы ЕЦ 166/10 мекемесінен 1992 жылы туған сотталушы қолына кісен салынған күйі қашып кетті. Бүгін шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы сот отырысы өтіп, жеткізілгеннен кейін ол ЕЦ аумағынан қашып кетті. Біз жеке құрамға бағыт-бағдар беріп, шекара заставаларында жасақ қойып жатырмыз", - делінген WhatsApp хабарламасында.

TikTok-тағы видео авторы екі қашқын болғанын айтады.


Ішкі істер министрлігі тұтқынның қашып кеткенін растады.

"Сот қаулысымен шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші жойылған адам тергеу изоляторына жеткізілген кезде полиция қызметкерлерінен қашып кеткен. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ҚАЖК өкілдері.