Қандай ауруларды тер иісі арқылы анықтауға болады - маман пікірі

0
1 901

Тердің иісінің өзгеруі денсаулықта проблема бар екенін көрсетеді.


Қандай ауруларды тер иісі арқылы анықтауға болады - маман пікірі

ERNUR.KZ. Дәрігер-отоларинголог Злата Порадикова тердің иісі арқылы қандай ауруларды анықтауға болатынын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Маманның айтуынша, тердің иісі мен оның бөліну қарқыны гормондардың, ас қорыту жүйесі және ағзадағы басқа органдардың қалай жұмыс істейтінін көрсетеді.

"Терлеу - адамның термореттелуінің маңызды механизмі. Сонымен қатар, ол эмоциялар мен стресстерге жауап қызметін атқарады. Терлеуді жүйке жүйесі, қалқанша безінің гормондары, гипоталамус, жыныс бездері реттейді. Сіз сенбейтін шығарсыз, алайда сау адам терлеген күннің өзінде одан иіс шықпайды.
Әр адамның өзіне тән иісі болады. Ол феромондармен және ағзадағы тері бактерияларының ерекше құрамына байланысты. Ал жағымсыз иіс олардың шамадан тыс жұмыс істеуінен пайда болады. Егер сіз денеңізді күтпесеңіз, бұл жағымсыз иісті барлығы сезетін болады", - дейді дәрігер.

Оның пікірінше, тердің иісінің өзгеруі денсаулықта проблема бар екенін көрсетеді.

"Сізден мынадай иіс шықса, онда денсаулығыңызға мән беріңіз:
Ацетонның иісі - қант диабеті;
Жағымсыз иіс (шіріген жұмыртқа, күкіртсутек) - асқазан, ішек аурулары;
Ащы иіс (сірке) - Д витаминінің жетіспеушілігі, туберкулез;
Аммиактың иісі (мысықтың иісі) - бүйрек патологиясы, асқазанда хеликобактер пилоридің болуы.
Балық немесе хлордың иісі – бауырдың ауруы.
Тышқанның иісі - фенилкетонурия, ағзадағы зат алмасудың бұзылуы;
Сарысудың иісі - подагра", - дейді Злата Паручикова.

Сонымен қатар, ол тердің қалай бөлінетініне де назар аударуға шақырды.

"Шамадан тыс терлеу немесе гипергидроз жоғары қысым, гипертиреоз, менопауза синдромы кезінде байқалады. Гипергидрозға никотин, кофеин, алкоголь, стресс ықпал етеді", - дейді ол.

Злата Паручикова тер иісінің өзгеруі және жиі бөлінуі жыныстық жетілу немесе жүктілікпен, адамның қалай тамақтанатынымен де байланысты екенін айтады.

"Дәмдеуіштер, ащы бұрыш, карри, сарымсақ, пияз, қыша, желкек, бұршақ, Брюссель орамжапырағы (капуста), брокколи терге жағымсыз иіс береді.
Синтетикалық киім киген кезде адамның терісі демалмайды, тер буланбайды. Бұл ағзада бактериялардың көбеюіне ықпал етіп, жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Сонымен қатар, антидепрессанттар, антигистаминдер, антибиотиктер, гипотензивті дәрі-дәрмектер тер иісін өзгертеді.
Жағымсыз әдеттер, мысалы алкогольді шамадан тыс тұтыну, бұл тердің құрамын өгертеді. Оның салдары да болуы ықтимал", - дейді дәрігер.