​Қаңтар айында мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жаңа жүйе бойынша есептеледі

0
4 254

Ең төменгі жалақы 70-80 мыңды құрайтын болады.


​Қаңтар айында мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жаңа жүйе бойынша есептеледі

ERNUR.KZ. Бұл жөнінде ҚР мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Жанна Қабдолқызы Семей қаласында өткен кездесу барысында мәлімдеді, деп жазады Алтайньюс.

Жаңа жүйе бойынша өңірлерде еңбекақы мөлшері едәуір көтеріледі деп болжанып отыр. Мәселен, аудандық деңгейде кіші лауазымдағы ең төменгі жалақы 70-80 мыңды құрайтын болады. Ал қазір ауылдық округтегі аппарат маманының ең төменгі жалақысы еңбек өтілісіз 42 мың теңге, - дейді ол.

Бүгінде мемлекеттік қызметкердің еңбекақысы екі критерийге – еңбек өтілі мен атқаратын лауазым санатына тәуелді. Ал қызметкер орындайтын жұмыстың қиындығы мен тиімділігі ескерілмейді. Сыйақы түріндегі ынталандыратын төлемдер бәріне бірдей төленеді. Бұл жүйе 14 жылдан астам қолданыста, еш өзгеріске ұшырамады.

Еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесінің басты ерекшелігі – ол мемлекеттік қызметкерге жүктелген міндеттер мен жұмыс нәтижелігін есепке алады.

Айта кетерлігі әкімдер мен өзге де басшылардың жалақысы өзгермейді, жүйе басшылық пен атқарушылардың, өңір мен орталықтардың жалақы айырмашылықтарын теңестіруге бағытталған.