Бас прокуратура қаңтар оқиғаларын тергеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу бойынша жұмысты жалғастыруда.
Қаңтар оқиғасы: 931 адам күдікті деп танылды, 96 адам қамауда, 471 адам сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ortcom_kz-ке сілтеме жасап.
Бас прокуратура қаңтар оқиғаларын тергеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу бойынша жұмысты жалғастыруда. Құқық қорғау органдары барлығы 5 мыңнан астам қылмыстық іс тіркеді.
Тергеу кезеңінде 4,5 мың сараптамалық зерттеулер жүргізілді. Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу және ұйымдастыру фактісі бойынша 131 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген. Осы қылмыстарды жасағаны үшін 931 адам күдікті деп танылды, 96 адам қамауда, 471 адам сотталды.


