Қаңтар оқиғасына байланысты қамауға алынғандар арасында кәмелетке толмағандар жоқ

0
602

Бас прокуратураның мәліметінше, 16 кәмелетке толмаған жасөспірім жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікке ілінген.


Қаңтар оқиғасына байланысты қамауға алынғандар арасында кәмелетке толмағандар жоқ

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары құқық қорғау қызметкерлерінен қанша кәмелетке толмаған баланың ұсталғанын және оларға қандай бұлтартпау шарасы қолданылатынын сұрады, деп жазады inbusiness.kz.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, қазір ішкі істер органдарының өндірісінде кәмелетке толмағандарға қатысты 12 іс бар.

"Олардың жеке басын, кәмелетке толмағанын, өкінуін, келтірілген зиянды өтеуін ескере отырып, оларға бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ бұлтартпау шарасы таңдалды. 9-ы бойынша қылмыстық іс аяқталды, 3-і бойынша іс өндірісте. Бүгінде қамауда кәмелетке толмағандар жоқ", – деді спикер Мәжілісте сөйлеген сөзінде.

Бас прокуратураның мәліметінше, 16 кәмелетке толмаған жасөспірім жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікке ілінген. Бірақ олардың арасында қамауға алынғандар жоқ. Негізгі тергеу амалдары аяқталды.

"Прокурорлар сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтіп отыр, жазаны сот анықтайды. Жеңілдететін мән-жай ретінде күдіктілердің жасы ескерілетін болады", – деді спикер.