Қаңтардың алғашқы күндері ауа райы қандай болады

0
1 603

Жаңа жыл түнінде солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы жоғарылайды.


Қаңтардың алғашқы күндері ауа райы қандай болады

ERNUR.KZ. Синоптиктер 2020 жылдың 1-5 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Атлантикадан және Жерорта теңізінен ығысатын атмосфералық фронттармен қар, бұрқасын, екпінді батыс желі, сонымен қатар республикамыздың оңтүстік облыстарында көктайғақ күтілсе, ауа температурасының төмендеуі күтілмейді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жаңа жыл түнінде солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы жоғарылап, күндіз көптеген аймақтарда 0-8 градус аяз, оңтүстікте 0-10 градус жылыны құрайды.