Қарағанды-Балқаш тас жолында автобус жолаушысы жоғалып кетті

0
1 202

Жақындары іздеуге көмектескен жандарға қаржылай алғыс білдіретіндігін жеткізді.


Қарағанды-Балқаш тас жолында автобус жолаушысы жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Дмирий Чесноков есімді азаматтың туыстары Қарағанды-Балқаш тас жолында жоғалып кеткен бауыры туралы ақпарат бергендерге ақша төлеуге дайын, деп жазады nur.kz.

"Автобус жүргізушісі 27 желтоқсан күні Балқаш пен Қарағанды тас жолы арасындағы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылына тоқтапты.

Дмитрий де жолаушылармен бірге бой сергіту үшін сыртқа шыққан. Арада 15 минут өткенде ол қайта оралмапты.

Оның барлық заттары автобуста қалған", - дейді туыстары.

Чесноковтың жақындары іздеуге көмектескен жандарға қаржылай алғыс білдіретіндігін жеткізді.

"Біз пайдалы ақпаратпен бөліскен жандарға сыйақы беруге кепіл боламыз", - дейді олар.

Туыстары бауырын көргендер болса, құқық қорғау органдарына 102 нөмірі арқылы хабарласуын сұрайды.

Ерекше белгілері: Бойы 170-175 см, көк көзді, қасында тыртығы бар, қабырға тұсында РВИА әріптері бейнеленген татуировкасы бар.