Қарағанды облысында 1 шілдеден бастап карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

0
423

Демалыс күндері сауда үйлері, фитнес-орталықтар, сауналар мен моншалар жұмыс істемейді.


Қарағанды облысында 1 шілдеден бастап карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

ERNUR.KZ. Эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін ойын-сауық мекемелерінің, букмекерлік кеңселердің, мәдениет объектілерінің қызметіне тыйым салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал демалыс күндері сауда үйлері, фитнес-орталықтар, сауналар мен моншалар жұмыс істемейді.

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа Қаулысы 2021 жылғы 1 шілде күні, сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

Бұл ретте, Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарына адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды (мерекелік іс-шаралар, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, туған күндер, шығарып салу, «құдалық», той, «беташар» және басқалар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізу және баруға тыйым салынады;

- еске алу шараларын, соның ішінде үйде өткізуге тыйым салынған. Бірақ «Ashyq» жобасы іске асырылатын банкет залдары, мейрамханалар мен дәмханаларға ас беруге және келушілерге қызмет көрсетуге рұқсат;

- «Ashyq» жобасы іске асырылып жатқан объектілерді қоспағанда, қызметі жаңартылмаған объектілерге баруға тыйым салынады, сондай-ақ олардың жұмыс режиміне сәйкес жабылғаннан кейін объектілерде болуға рұқсат жоқ;

- респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (мұрынның ағуы, түшкіру, температура) пайда болған кезде 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмекті шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ, дереу үйде медициналық көмекке жүгіну қажет;

- сондай-ақ, тұрғындар қоғамдық орындарға (оның ішінде қалалық қоғамдық көлікте сапар шегу кезінде) және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң ұстануы тиіс.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының барлық аумағында келесі қызмет түрлеріне (эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін) тыйым салу туралы шешім қабылданды:

- «Ashyq»пилоттық жобасы іске асырылып жатқан объектілерді қоспағанда, ойын-сауық мекемелері (караоке, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, бильярд, боулинг орталықтары);

- букмекерлік кеңселер;

- жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондарды қоса алғанда, балалар ойын-сауық орталықтары;

- банкет залдары, «Ashyq» жобасы іске асырылып жатқан объектілерді қоспағанда,

- театрлар, концерт залдары;

- мәдениет объектілері, оның ішінде үйлер мен мәдениет сарайлары, сондай-ақ оларға дайындық;

- іс - шаралар, көрмелер, конференциялар, форумдар, жәрмеңкелер;

- жалпы білім беретін мектептер жанында орналасқан секциялар, үйірмелер, шағын орталықтар;

- дәстүрлі форматтағы білімді бағалаудың барлық түрлерін;

- СOVID-19 бойынша қолайсыз аймақтар мен елдерге оқушылардың халықаралық спорттық, мәдени іс-шараларға, олимпиадаларға шығуы;

- сонымен қатар, облысішілік және қалалық тұрақты емес туристік тасымалдардың қозғалысына тыйым салынады.

Жұмыс күндері жаттығу залдары мен фитнес-орталықтар қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді, бір келушіге кемінде 5 м2 әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30% асырмай толтырылуын қамтамасыз ету қажет.

Бұдан бөлек:

- жеке және топтық жаттығулар топта 5 адамнан артық емес өткізіледі;

- бассейндер қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, жеке форматта, бір келушіге су айнасының 5 шаршы метр есебінен жұмыс істейді;

- сұлулық салондары қатаң түрде алдын-ала жазылу арқылы жұмыс істейді;

- екінші деңгейлі банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 9-00 бастап 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ облыстың барлық аумағында келесі шектеу шаралары енгізіледі, атап айтқанда сенбі және жексенбі күндері мына нысандардың қызметі тоқтатылады:

- азық-түлік супермаркеттерін, азық-түлік павильондарын, дәріханаларды, сұлулық салондарын, химиялық тазартқыштарды қоспағанда, сауда үйлерін, сауда-ойын-сауық орталықтарын, азық-түліктік емес сауда желілерін, көтерме-тарату орталықтарын, сондай-ақ алаңы 2000 шаршы метрден астам азық-түлік емес тауарларды өткізетін дүкендерді қоспағанда;

- спорт кешендері, спорттық - сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, соның ішінде йога орталықтары;

- фитнес-орталықтар, спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, жаттығу залдары, спорт кешендері;

- хауыздар, бассейндер, СПА-орталықтар, массаж салондары;

- жабық базарлардың (азық-түліктік және азық-түліктік емес), бұл ретте ашық ауадағы базарлардың қызметі тоқтатылмайды.

Бұдан басқа, мектепке дейінгі мекемелер 15 адамнан аспайтын жинақтау кезінде кезекші топтардың қызметін қамтамасыз етеді;

- балаларды сауықтыру ұйымдары толымдылығы 30% - дан асырмай жұмыс істейді;

- оқушыларды сабақтан тыс уақытта жеке оқыту, әлеуметтік қашықтықты, шахмат отырғызуды және бетперде режимін міндетті түрде сақтай отырып - 10 адамнан артық емес топты толтыру кезінде жүргізіледі;

- алдын ала жазылу бойынша балалар кабинеттері/түзету орталықтары, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары – 10 адамнан асырмай жұмыс істейді.

Қоғамдық тамақтану объектілері (білім беру объектілеріндегі тамақтануды қоспағанда) 50%-дан аспайтын, бірақ 30 отыратын орыннан аспайтын және 1 келушіге 4 ш.м. сақтау шартымен жұмыс істейді. Бұл ретте ұжымдық және естелік іс - шараларды (банкеттер, тойлар, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) өткізуге, жұмыс, мереке және демалыс күндері жұмыс істеу режимімен - сағат 09-00-ден 20-00-ге дейін, бұл ретте тамақты жеткізу және шығару-уақыт бойынша шектеусіз;

- жазғы алаңдарға сағат 9-дан 20-ға дейін;

- асхана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілеріне 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

- азық-түлік корттарына негізгі объектінің жұмыс уақытын белгілей отырып, тамақтану залын ұйымдастырмай, үстелдерді орналастырмай, тамақты алып кету және жеткізу үшін ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Супермаркеттер, гипермаркеттер әлеуметтік қашықтық, маска режимі, термометрия сақталған жағдайда және жұмыс уақыты сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін шектелген жағдайда жұмыс істейді.

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық компаниялар, өзге де ұйымдар, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері (офистер) өндірістік қажеттілікке қарай қызметкерлердің кемінде 80% қашықтан жұмыс нысанына ауыстыруы қажет.

Қызметкерлерді СOVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қашықтықтан және жұмыс орны форматында қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды есепке алмай қызметті жүзеге асырады. Бұл ретте соңғы 6 ай ішінде СOVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және СOVID-19 ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

Бұл ретте, әлеуметтік-экономикалық, оның ішінде «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілердің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыру қаулының 2-қосымшасына сәйкес ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап «қызыл» аймақ режимі бойынша жүзеге асырылады.