Қарағанды облысында 4 мың мал басынан бруцеллез анықталды

0
1 047

Тексерістен аймақ бойынша 600 мыңнан астам мал өткізілген.


Қарағанды облысында 4 мың мал басынан бруцеллез анықталды

ERNUR.KZ. Мамандар мұны малдарды диагностикалық зерттеуден өткізу барысында анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексерістен аймақ бойынша 600 мыңнан астам мал өткізілген.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Ауыл шаруашылығы министрлігі бруцеллез ауруымен күресу тәсілдеріне өзгертулер енгізген болатын. Өйткені аталмыш ауру түрі адам денсаулығына да зиянды. Алдағы уақытта ветеринариялық шаралар әлдеқайда ауқымды ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар ғалымдар міндетті вакциналау жүйесін енгізуді ұсынды. Осы күндері ең қымбат вакцинаның құны 900 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта екпені фермерлер немесе мемлекет тарапынан жасалу мәселесі шешіліп жатыр. Биыл Қарағанды облысында жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу үшін 70 млн теңгеге ветеринариялық препараттар сатылып алынған.