Жол апаты салдарынан жарақат алған 42 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Нұра аудандық маслихатының төрағасы Қуаныш Жүнісбеков жол апатына түсті, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 8 тамызда болған.
"Сағат 02.00 шамасында "Осакаровка-Нұра" автожолында "Kia sporteig"автокөлігі аударылған. Жол апаты салдарынан жарақат алған 42 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр.
Жол апатынан зардап шеккен адамның аудандық маслихат төрағасы Қуаныш Жүнісбеков екенін облыстық маслихат растады.