Қарағанды облысында бюджет қаражатын жымқырған 3 бухгалтер сотталды

0
686

Мемлекетке келтірілген залал көлемі 11.1 млн теңгені кұрады.


Қарағанды облысында бюджет қаражатын жымқырған 3 бухгалтер сотталды

ERNUR.KZ. Ағымдағы жылдың басынан бастап ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті сотқа жолдаған қылмыстық істер негізінде Бұхар-Жырау ауданы сотының үкімімен сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жеке карта шоттарына аудару арқылы жымқырып, жеке мақсаттарына пайдаланған аудандық мемлекеттік мекемелердің 3 бухгалтері сотталды, деп жазады zakon.kz.

Мемлекетке келтірілген залал көлемі 11.1 млн теңгені кұрады.
2 кінәлі тұлғаға қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтеу тағайындалып, 1 кінәлі тұлға жәбірленушімен татуласып, келтірген 3.3 млн теңге көлеміндегі залалды толық өтегені үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылды.