Қарағанды облысында дүлей дауыл бірнеше үйдің шатырын ұшырып кетті

0
115

Абай қаласында қатты жел екі бесқабатты тұрғын үйдің шатырын бүлдірсе, Осакаров ауданында мектеп ғимаратының шатырын зақымдады.


Қарағанды облысында дүлей дауыл бірнеше үйдің шатырын ұшырып кетті

фото: Қарағанды облысының әкімдігі

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында дүлей дауыл тұрғын үйлер мен мектептің шатырын ұшырып әкетті, деп жазады sputnik.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жеткен.
"Қарағанды қаласында жел үш тұрғын үйдің шатырын ішінара ұшырып әкетіп, аулалардың бірінде тұрақта тұрған жеңіл автокөлікті зақымдады. Сонымен қатар қаланың әртүрлі аудандарында ағаштар мен ірі бұтақтар құлаған", - дейді әкімдік.
Абай қаласында қатты жел екі бесқабатты тұрғын үйдің шатырын бүлдірсе, Осакаров ауданында мектеп ғимаратының шатырын зақымдады.
Қарқаралы қаласында екі қабатты тұрғын үйдің шатырына зақым келді. Сондай-ақ №2 қазандық аумағында пайдаланылмай тұрған металл мұржа құлаған.
Оқиға орындарына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері барған.
Қолайсыз ауа райы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.