Қарағанды ​​облысында колониядан "қашып кеткен" сотталушы ұсталды

0
275

Сотталушының жүрген жерін колония қызметкерлері анықтаған.


Қарағанды ​​облысында колониядан

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының ҚАЖД қызметкерлері бірнеше күн бұрын жұмыстан кейін колонияға оралмай, қашып кеткен сотталушыны ұстады, деп жазады tengrinews.kz.

Сотталушының жүрген жерін колония қызметкерлері анықтаған. Ол алаяқтық үшін жазасын өтеп жатқаны айтылды.

"Сотталған адам мекемеге қайтарылды. Оған заңға сәйкес шара қолданылады. Қылмыстық кодекске сәйкес, жазаны өтеуден жалтару екі жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады", - деп хабарлады Қарағанды облысы ҚАЖД баспасөз қызметі.