5 шілдеде Қарағандыда дала өрті шықты. Жалын Керегетас, Ойшыбар, Қалыбай, Демеубай, Сарысай, Қызылсай, Ермек және тағы басқа ауылдарды шарпыды.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылының 23 жастағы тұрғыны Бейбарыс Ескендір дала өртін сөндіру кезінде көз жұмды. Ол құтқарушы мамандығында оқыған, деп жазады sputniknews.kz.
Бейбарыс Ескендірдің әкесі Қожанбай Қожахметовтың айтуынша, өрт сөндіруге ұлы өзі барған.
Бейбарыс ол уақытта Жезқазғанда болған әкесіне хабарласып, өрт болған жерге шығу үшін көлік сұрады.
Әке жүрегі бірден жамандық сезіп, ұлын райынан қайтаруға тырысқан.
"Ол өрт сөндіруге достары, ауыл тұрғындарымен бірге баруы керек екенін айтты. Мен абай болуы керектігін ескерттім. Бұған дейін бірнеше дала өртін көрдім, бұл өте қауіпті", - деді Қожанбай Қожахметов.
Жігіт әкесінің УАЗ-ына отырып, өрт сөндіруге аттанды. Кейін ауылдастары үйіне оның денесін жеткізді. Әкесінің айтуынша, достары Бейбарыстың денесін өртенген көліктен 6 метр қашықтықтан тапқан.
Достарының біреуі де оқиға қалай болғанын түсінбей қалған. Адамдар бірнеше минутқа бөлініп, жалынды өткізбеуге тырысты. Бұл уақытта Бейбарыс қауіпсіз жағдайда қалғанын ешкім түсінбеді.
Жігіттің алда жоспары көп еді. Бейбарыс құтқарушы мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық колледжін тәмамдаған. Осы салада қызмет етуді жоспарлапты.
Еске сала кетсек, 5 шілдеде Қарағандыда дала өрті шықты. Жалын Керегетас, Ойшыбар, Қалыбай, Демеубай, Сарысай, Қызылсай, Ермек және тағы басқа ауылдарды шарпыды.