Қарағанды облысында табиғи өрттерді сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

0
91

Қарағанды облысының екі ауданында өрт сөндірушілер табиғи өрттерді толық сөндірді, тағы бір ауданда өрт оқшауланды.


Қарағанды облысында табиғи өрттерді сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

ERNUR.KZ. ҚР ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта Ақтоғай ауданындағы Ақши ауылы маңында, сондай-ақ Қызылтау тауларының таулы әрі жетуі қиын аумақтарында жекелеген өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады baq.kz.

Қарағанды облысының екі ауданында өрт сөндірушілер табиғи өрттерді толық сөндірді, тағы бір ауданда өрт оқшауланды. Кейбір аумақтарда өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Бұқар жырау ауданындағы Сұйықсу, Шет ауданындағы Ақбауыр, Қарқаралы ауданындағы Бесоба және Жанатоғай ауылдарында болған өрттер толығымен сөндірілді. Ал Қарқаралы ауданындағы Ынталы ауылында өрт оқшауланды.

ҚР ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта Ақтоғай ауданындағы Ақши ауылы маңында, сондай-ақ Қызылтау тауларының таулы әрі жетуі қиын аумақтарында жекелеген өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Күрделі жер бедері мен қатты екпінді жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып, жалынның таралуына ықпал етуде.

Аумақты бақылау үшін әуеден барлау жұмыстары жүргізілді. Жету қиын жекелеген учаскелерге қажетті күштер мен техникалар жеткізілді.

ТЖМ мәліметінше, елді мекендерге, қыстауларға және егістік алқаптарға қауіп төніп тұрған жоқ.

Жекелеген учаскелерде аумақты сумен сулау жұмыстары жүргізіліп, өрттің одан әрі таралуына жол бермеу және қалған ошақтарды толық жою шаралары қабылданып жатыр.

Өртпен күрес жұмыстарына ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардан 200-ге жуық адам және 60 техника жұмылдырылған.

Жағдай ТЖМ бақылауында. Қажетті жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде.