Қарағанды облысында үш жасөспірім қыз суға кетіп мерт болды

0
852

​Олардың екеуі 2002 жылғы.


Қарағанды облысында үш жасөспірім қыз суға кетіп мерт болды

ERNUR.KZ. Ұлытау ауданындағы Жыландау ауылына жақын жердегі Сарысу өзеніне шомылған үш жасөспірім қыз суға кетті, деп жазады ktk.kz.

Олардың екеуі 2002 жылғы екені белгілі болды, ал үшіншісіне қатысты мәлімет әлі анықталып жатыр. Жасөспірімдердің денесін жергілікті тұрғындар судан тауып алды. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Демалыс орындарда суға мас немесе есірткі қабылдаған күйде түсуге; суға қайықтан, кемелерден, бұл мақсатқа арналмаған заттардан секіруге; белгіден ары асып жүзіп кетуге; жүзуге арналмаған заттармен жүзуге; кемелерге жақындауға; су айдындарын ластауға; жағада және киім ауыстыратын жерде демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқысты тастауға; жалған көмек сұрап, дабыл қақпауға; техникалық және ескерту белгілеріне өрмелеуге; үлкен адамның қарауынсыз баланы суға жіберуге; шомылып жатқан балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салады.