Қарағанды облысындағы ауылда дала өрті тіркелді

0
177

Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша өрт аумағына аэровизуалды барлау жүргізілді.


Қарағанды облысындағы ауылда дала өрті тіркелді

фото: Achilleas Chiras

ERNUR.KZ. Қарағанды облысындағы ауылда алапат дала өрті болды, деп жазады sputnik.kz.
ТЖМ мәліметінше, Жаңатоған ауылы маңында табиғи өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша өрт аумағына аэровизуалды барлау жүргізілді.
"Барлау нәтижесінде жаңа ашық жану ошақтары анықталған жоқ. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай бақылауда", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.
Тұрғындардың айтуынша, жалын бірнеше қыстау мен қысқа жиналған шөпті шарпыған. Желіде тараған ақпарат бойынша өрт сөндіруге қатысқан бір адамның денесінің 50%-ын күйік шалып, ауруханаға жеткізілген.