Қарағанды полицейлері қарттар соққыға жығылған жантүршігерлік видеоға қатысты пікір білдірді

0
286

Әлеуметтік желіде дәлізде қарт әйелдерге шабуыл жасалып, аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарап жатыр.


Қарағанды полицейлері қарттар соққыға жығылған жантүршігерлік видеоға қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Полиция департаменті белгісіз біреудің көпқабатты үйдің кіреберісінде егде жастағы әйелдерге шабуыл жасаған видеосына қатысты пікір білдірді. Видео әлеуметтік желіде тарады, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде дәлізде қарт әйелдерге шабуыл жасалып, аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарап жатыр. Кадрларда ер адам жәбірленушілермен бірге дәлізге кіріп, оларды еденге итеріп жібереді, содан кейін олардың басынан тепкілейді. Қарсыласу басылғанда, видеоның "кейіпкері" құрбандардың әмияны мен бағалы заттарын алып кетеді. Видео сипаттамасында апаларды ұрып-соғу оқиғасы Теміртауда болғаны айтылған.

"Туыстарыңызға ескертіңіздер. Теміртауда осындай мақұлық бар", - деп жазады видео авторы. Резонанс тудырған бейнежазба полицейлердің назарынан тыс қалмады. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жазбаны зерттеп, оның Қазақстанда емес, Ресейде түсірілгенін хабарлады. Егде жастағы әйелдерге жасалған шабуылдар Санкт-Петербургте болған.


"Оқиға Теміртауда болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Қарағанды облысының Полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырлғанын ескертеді", - деп хабарлайды Қарағанды облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.