Қарағанды-Сұрыптау - Ағадыр аралығында әйел адамды пойыз қағып кетті

0
108

Әйел адам мас күйде болған.


Қарағанды-Сұрыптау - Ағадыр аралығында әйел адамды пойыз қағып кетті

фото: ҚТЖ

Қарағанды-Сұрыптау - Ағадыр аралығында әйел адамды пойыз қағып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылдың 7-шілдесінде сағат 21:09-да Қарағанды-Сұрыптау - Ағадыр аралығында жолаушылар пойызының машинисі жолға бөгде адамның шығуына байланысты шұғыл тежегішті қолданды.

Қолға алған шараларға қарамастан адамды қағып кетпеу мүмкін болмады. Жапа шегушінің аяғы сынып, ол Қарағанды-Сұрыптау станциясының жедел жәрдем бригадасына табыс етілген. Жедел деректерге сүйенсек, әйел адам мас күйде болған.
Пойыздың кідіруі 18 минутты құраған.
Болған оқиға тексеріліп жатыр. Ақпарат құқыққорғау органдарына берілген.
“ҚТЖ”ҰК”АҚ азаматтарды теміржол жолынан өту ережесін қатаң сақтауға және қауіпті аймақта қырағы болуға шақырады.