Қарағандыда аударылған жүк көлігінен 15 тонна күкірт қышқылы төгілді

0
1 226

Жол апаты салдарынан 1971 жылы туған жүргізуші жарақат алды.


Қарағандыда аударылған жүк көлігінен 15 тонна күкірт қышқылы төгілді

ERNUR.KZ. Қарағанды облысындағы жол бойында жүк көлігі аударылып қалды. Апат салдарынан жолға 15 тонна күкірт қышқылы төгілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгін, 14 желтоқсан күні Бұқар жырау ауданынында, «Алматы-Екатеринбург» автожолының 995-ші шақырымында, Қарағанды қаласынан 11 шақырым жерде «MAZ» маркалы автомобиль жол жиегіне аударылды.

«Жол апаты салдарынан 20 шаршы метр ашық жерге 15 тонна күкірт қышқылы төгіліп, жолға жайылды», - деп хабарлады Қарағагды облысы ТЖД баспасөз қызметінде.

Жарақат алған 1971 жылы туған жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа.

«Зардап шеккен адам орташа ауыр халде Х. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Науқасты нейрохирург қарады. Диагноз - соғылған жарақат, бері тырналған. Ол амбулаториялық ем алуға жіберілді», - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасында.

Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД 19 қызметкері және 4 техникасы, жергілікті полиция қызметі, ҚР ТЖМ әскери бөлімі және экология департаменті жұмыс істеуде.

Құтқарушылар көлік жүргізушілерін төмен температурада, жолды қар басуы және көктайғақ кезінде мүмкіндігінше жолға шықпауға шақырады.

Жол нашар көрінетін болса, қалыпты жылдамдықты таңдап, жарық аспаптарын пайдалану маңызды екенін еске салады.