Қарағандыда балалар жаппай уланды: тергеу себебін әлі анықтамады

0
1 402

Уытты заттан уланды деп диагноз қойылған балалар жазылды.


Қарағандыда балалар жаппай уланды: тергеу себебін әлі анықтамады

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың неден уланғаны әлі анықталған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп жазады sputnik.kz.

Министрдің айтуынша, қазір бес бала әлі емделіп жатыр. Уытты заттан уланды деп диагноз қойылған балалар жазылды. Қазір олар оңалту бөлімінде жатыр. Олар 21 күн бойы оңалтудан өтеді.
"Тергеу органдары уланудың себебін анықтап жатыр. Оның ішінде прокуратура әлі де тексеріс жүргізуде. Тексеріс әлі аяқталмады. Медицина қызметкерлері жұмысына қайта кірісті. Бұған дейін олар тергеуге шақырылған, сондықтан жұмыстан шеттетілді. Алайда қазір медицина қызметкерлері жұмыс істеп жүр. Барлық бала бақылауда", - деді Ғиният үкіметте өткен брифингте.
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының басында Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше баланың уланып, ауруханаға түскені хабарланды. Барлығы 14 бала зардап шеккен, екеуі қайтыс болды.