Қарағандыда бұтақ құлап, бес жасар бала қаза тапты

0
144

Оқыс оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды.


Қарағандыда бұтақ құлап, бес жасар бала қаза тапты

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ERNUR.KZ. Қарағандыда қатты жел кезінде ағаш бұтағы құлап, бес жасар бала қаза тапты. Оқыс оқиға Әлихан Бөкейхан ауданында болған. Дәрігерлер көмек көрсеткенімен, 5 жасар баланы аман алып қалу мүмкін болмады, деп жазады tengrinews.kz.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысының полициясы.

Оқыс оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Хабарламаға сәйкес, жылдамдығы секундына 18 метрге жеткен қатты жел кезінде бес жасар баланың үстіне ағаш бұтағы құлаған. Сондай-ақ дәрігерлердің барлық қажетті көмекті көрсеткеніне қарамастан, зардап шеккен баланы құтқару мүмкін болмағаны атап өтіледі.

Айта кетейік, осыған ұқсас қайғылы жағдай биыл жазда Алматыда болған еді. 27 маусымда Баум тоғайында отбасымен серуендеп жүрген 19 жастағы Селина Абитованың үстіне қураған ағаш құлады. Ауыр жарақат алған қыз жансақтау бөліміне жатқызылды. Арада 14 күн өткенде ол ауруханада көз жұмды.

Биіктігі 12 метр қараағаш санитарлық кесуге жататын ағаш ретінде белгіленген, бірақ айналасына ескерту белгісі қойылмаған. Табиғи саябақ басшылығы сол күні екпінді жел 13 ағашты құлатқанын айтты.