Қарағандыда екі баланың мәйіті табылды

0
771

Қарағанды облысының тұрғыны өз балаларын өлтірді деген күдікке ілінді.


Қарағандыда екі баланың мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының тұрғыны өз балаларын өлтірді деген күдікке ілінді. Сұмдық қылмыс Бұқар жырау ауданына қарасты шағын ауылдардың бірінде болған, деп жазады inform.kz.

Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 және 4 жастағы балалар зорлық-зомбылық белгілерімен табылған.

Ауыл тұрғындары анасы балаларын тұншықтырып өлтіргенін айтады. Оның мұндай әрекетке не үшін барғаны беймәлім.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«4 сәуірде Бұқар жырау ауданындағы елді мекендердің бірінде зорлық-зомбылық белгісі бар 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Ведомство тергеу мүддесіне сай өзге ақпаратты жариялауға болмайтынын айтты.