Көршілері оның тез өршитін онкологиялық дертке шалдыққанын айтқан.
ERNUR.KZ. Қарағандыда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен секіріп көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қайғылы оқиға 26 қыркүйек күні сағат 11:30-да болған.
«58 жастағы ер адам бесінші қабатта тұратын пәтердің терезесінен секіріп кеткен. Жедел жәрдем жеткенімен, ол оқиға орнында көз жұмды», - деп жазды «Патриот» Telegram-арнасы.
Ер адамның көршілері оның тез өршитін онкологиялық дертке шалдыққанын айтқан.
Аталған жерекке қатысты Қарағанды облыстық полиция департаменті пікір білдірді.
«Жергілікті тұрғынның өлімі дерегі тіркелді, тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады», - делінген ПД хабарламасында.