Ол 21 наурыз күні үйінен шығып кеткен.
Фото: instagram.com/rozysk_karagandy_rinakz
ERNUR.KZ. 21 наурызда жоғалып кеткен Қарағанды қаласының 87 жастағы тұрғыны өлі күйінде табылды. Бұл туралы еріктілер хабарлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Еріктілер әйелдің мәйіті қандай жағдайда табылғанын нақтылаған жоқ. Белгілі болғандай, Надежда Филипенко 1938 жылы туған.
Ол 21 наурыз күні Пичугин көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, содан бері хабар-ошарсыз кеткен болатын.


