Қарағандыда канализация құбырын ауыстырып жатқан екі жұмысшы мерт болды (ВИДЕО)

0
99

​Олар топырақ астында қалған.


Қарағандыда канализация құбырын ауыстырып жатқан екі жұмысшы мерт болды (ВИДЕО)

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Қарағандыда канализация құбырын ауыстырып жатқан екі жұмысшының үстіне топырақ опырылып кетіп, екеуі де қаза болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Редакция осы жағдайға байланысты Қарағанды полициясынан ақпарат сұратқан. Дереккөз екі адамның өлімін растады.

«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары өлімнің мән-жайын анықтап жатыр», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі редакцияға.