Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, 3 бала газдан уланды

0
1 687

Бұл оқиға 4 ақпанда болған. ТЖД мәліметінше, үш бала ауруханаға жеткізілген.


Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, 3 бала газдан уланды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында тоғыз қабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өрт шығып, 13 адам құтқарылды. Олардың жетеуі - балалар, - деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл оқиға 4 ақпанда болған. ТЖД мәліметінше, үш бала ауруханаға жеткізілген.

"Сағат 22.12-де өрт сөндіру қызметіне Октябрь ауданы №15 ықшамаудандағы тоғыз қабатты үйден өрт шыққаны жайлы хабарлама келген. Өрт үйдің 8-қабатында шыққан, аумағы - 10 шаршы метр. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер 13 адамды құтқарды, жетеуі - балалар. Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, 22.43-те толықтай сөндірілді. 2011, 2014 және 2018 жылғы үш бала газдан уланып ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментіндегілер. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.