Қарағандыда қорғаныш респираторларын шығаратын цех іске қосылды

0
2 431

Бір ерекшелігі, ондағы қызметкерлердің тең жартысы – мүмкіндігі шектеулі жандар.


Қарағандыда қорғаныш респираторларын шығаратын цех іске қосылды

ERNUR.KZ. Қарағанды қаласында тәулігіне 10 мыңға дейін қорғаныш респираторын шығаратын цех іске қосылды, деп жазады 24.kz.

Бір ерекшелігі, ондағы қызметкерлердің тең жартысы – мүмкіндігі шектеулі жандар. Олар өз жұмыстарына аса жауапкершілікпен қарайды. Алдағы уақытта айлық өнімді 1 млн-ға жеткізу жоспары бар. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылады.

Тауарды патенттеп те үлгерген. Қытайдың осыған ұқсас қорғаныш заттарынан гөрі Қарағандыда жасалған респираторлар әлдеқайда сапалы.

Тек ғимараттың тарлығы қолбайлау болып отыр. Ал басшылық алдағы уақытта ерекше жандардың қолынан шыққан респираторлардың бір тобын парламент депутаттарына тегін жолдамақ.