Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
ERNUR.KZ. Қарағандыда қоқыс өртеніп, қағаз қоймасы бүлінді, деп жазады inbusiness.kz.
28 мамырда сағат 15-42-де Қарағанды қаласы, 168 орамы, 030 есеп ғимараты мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
"Шөп пен қоқыс өртеніп, жалынның бір қабатты қоймаға ауысуып, қағаз бен картон қалдықтары жалпы ауданы 200 шаршы метрде жанып, жалпы ауданы 100 шаршы метр металл төбе опырылған. Өрт сағат 17-20-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.