Қарағандыда түнгі клубта атыс болды

0
910

Тергеу жүріп жатыр.


Қарағандыда түнгі клубта атыс болды

ERNUR.KZ. Ағымдағы жылдың 15-ші қыркүйегінде 102 телефонына Қарағанды қаласындағы түнгі клубтардың бірінде белгісіз азаматтың оқ атқандығы туралы ақпарат түсті, деп жазады Zakon.kz.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293 бабы 3 тармағына "бұзақылық" сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 21 азаматтың басқаруындағы "ВМW Х5" автокөлігі тоқтатылған. Көліктің ішінде 20-24 жас аралығындағы үш жолаушы болған. Полиция қызметкерлерімен көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында ұңғылы мылтықпен пневматикалық тапанша тәркіленіп алынды.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән жайы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.