Қарағандыда жасөспірім тоғызыншы қабаттан секіріп, қайтыс болды

0
532

22 қарашада Қарағанды қаласының Қарбышев көшесінде 13 жастағы баланың денесі табылды.


Қарағандыда жасөспірім тоғызыншы қабаттан секіріп, қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Полиция департаменті 13 жастағы жасөспірімнің тоғызқабатты үйдің шатырынан секіріп, қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады, деп жазады Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға қаланың оңтүстік-шығысындағы Қарбышев көшесінде болған. Аймақ қоршауға алынды.

"22 қарашада Қарағанды қаласының Қарбышев көшесінде 13 жастағы баланың денесі табылды. Жәбірленуші 9 қабатты үйдің шатырынан секіргені анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Қарағанды облысының ПД өкілдері.


16 қарашада Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен суицид жасаған 52 жастағы әйелдің денесі табылған. Әйел адам қалдырып кеткен хатта полицейдің есімі жазылған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.