Қарағандыдағы алаңда 17 адам ұсталды

0
2 335

Ұсталғандардың бірінен қару тәркіленген.


Қарағандыдағы алаңда 17 адам ұсталды

ERNUR.KZ. Қарағандыдағы вокзал маңындағы алаңда жанжал болды. 17 адам ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

"19 желтоқсанда сағат 13:00 шамасында Қарағандыдағы теміржол вокзалының алдында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және "Арлан" арнайы мақсаттағы қызметкерлері қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолын кесті. 17 адам ұсталды", - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, оларды ұстау кезінде күдіктілердің бірі оқиға орнынан қашпақ болып, қызметтік көлікті соғып кеткен. Сондай-ақ, ұсталғандардың бірінен қару тәркіленген.

Күдіктілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді.