Қарағандыдағы сауда контейнерінен ер адамның мәйіті табылды

0
2 025

Оқиғаға қатысты бар күдікті ұсталды.


Қарағандыдағы сауда контейнерінен ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Қарағандының орталық базарындағы сауда контейнерлерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

6 қаңтарда Қарағанды қаласының «Алтын арба» сауда үйінің контейнерлерінің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды.


«Осы оқиғаға қатысты 37 жастағы күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Тергеу амалдары жалғасуда.