Қарағандының түзеу мекемесіндегі тәртіпсіздік – ҚАЖД басшысы түсініктеме берді

0
633

Қызметкерлер мен сотталғандар арасындағы заңсыз әрекеттерге қызметтік тергеу жүргізілді.


Қарағандының түзеу мекемесіндегі тәртіпсіздік – ҚАЖД басшысы түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Қарағандыдағы түзеу мекемелерінің бірінде сотталушылардың құқы бұзылған. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарады, деп жазады sputnik.kz.



Қарағанды және Ұлытау облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №31 мекемеде тәртіптсіздікболды. Департамент басшысы түсініктеме берді.
"Бұл факт бұрын болған. 31-мекемедегі қызметкерлер мен сотталғандар арасындағы заңсыз әрекеттерге қызметтік тергеу жүргізілді. Қызметкерлер жауапқа тартылды. Бұрыс ақпарат таратпау мақсатында құқық қорғау органдары мекемені барып тексерді. Сонымен қатар ҚАЖД басшысы сотталғандардың туыстарымен кездесу өткізді. Қазіргі күні жағдай тұрақты, мекемеде бақылау жүргізіліп тұрады", - дейді департамент бастығы Бекболат Шәкіров.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан сотталушыларды мәжбүрлеп, еден жудырып жатқанын көруге болады.