Карантиннің бесінші аптасында ауруханалардың 60 пайызы босады - министрлік

0
518

КВИ бойынша жедел жәрдемге хабарласу 68 пайызға төмендеді.


Карантиннің бесінші аптасында ауруханалардың 60 пайызы босады - министрлік

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов еліміздегі өлім-жітім көрсеткіші бойынша статистиканы көрсетті, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Карантиннің бесінші аптасында осы шілде айының басында ауруханалардың 60 пайызы босады. Жансақтау бөліміндегі орындар 58 пайызға дейін босап отыр. КВИ бойынша жедел жәрдемге хабарласу 68 пайызға төмендеді. Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде жазылып шыққан науқастардың саны 73 пайызға өсті", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.

Бағдат Қожахметов өзге ауру түрлері мен өлім-жітім көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда төмен екенін айтты.

"Қуаныштысы - бала туу көрсеткішінің өсімі де байқалып отыр және керісінші, нәрестелердің өлімі 13,3 пайызға төмендеген. Тағы бір жағымды жаңалық - Қазақстанда туберкулездан болатын өлім 20 пайызға дейін азайған.